Балалардың қысқы демалысы қызықты өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалардың қысқы демалысы қызықты өтуде

11.01.2014
Балалардың қысқы демалысы қызықты өтуде

Табиғатты ақ көрпесіне ораған қыстың күні шана сүйреп, көк мұздың үстінде мәнерлеп сырғанап қарсы алу балалардың сүйікті ермегіне айналды. Бүлдіршіндер апта соңындағы демалыс күндерін тамаша өткізуде. Ұландардың бақытты балалық шағы қызыққа толы, уақыттарын бос өткізбей, спортпен айналысуда. Елімізде қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылық артып келеді. Қатты аязға қарамастан, балдырғандар таза ауада коньки теуіп, мәз-мейрам. Оны шаттыққа толы жүздері байқатып тұр.

Хабарламаларға жазылу