Қазақстандық триатлоншы Анель Сыдықова рекорд жаңартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық триатлоншы Анель Сыдықова рекорд жаңартты

23.08.2019

Батысқазақстандық әйгілі триатлоншы Анель Сыдықова 38 шақырымдық Ла-Манш бұғазын жүзіп өтіп, жеке рекордын жаңартты. 41 жастағы әйел қашықтықты түнде, гидрокостюмсіз, су температурасы 15 градус болған кезде еңсерген. Өйткені талап сондай. «Темір ханшайым» бұғазды 15 сағатта жүзіп өтті. Мұндай жетістік отандық спорт тарихында бұрын-соңды болмаған. Анель - триатлоннан ең биік жетістік саналатын «Ironmen», «Ultraman» мәртебелерінің иесі. Ол қазір отбасымен Англияда тұрады, үш баланың анасы. Франциядағы Ла Манш бұғазы – спортшылар үшін ең қауіпті жер. Оны бағындырамын деп, қайтыс боп кеткен әйгілі жүзгіштер бар.

Әлібек Сыдықов, А.Сыдықованың әкесі:

 «Темір ханшайым» деген бар, 4 жарым км жүзу, 180 км велосипедпен жүгіру, оны тастап, 42 км өзі жүгіру. Соны 4 рет Малайзияда, Швейцарияда, Канадада, Амстердамда қорғады. Енді Ла-Манш дегенге талап қойды. Онда 34 км тікелей, сосын 4 км тікелей толқынмен. Өтті бәрінен. Соған біз қуанып жатырмыз.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу