Қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова 3000 метрлік қашықтықта бақ сынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова 3000 метрлік қашықтықта бақ сынады

05.02.2022
Қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова 3000 метрлік қашықтықта бақ сынады

Қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова Олимпиададағы сайыстарды бастады. 23 жастағы спортшы 3000 метрлік қашықтықта бақ сынады. Уақыт көрсеткіші - 4:04,97. Бұл нәтижемен Надежда Морозова жүлдеге іліге алмады. Қорытынды бойынша ол 13 орынға тұрақтады.

Бұл жарыста алтын жүлдені нидерландтық Ирен Шоутен иеленіп, Олимпиада рекордын жаңартты.

Дегенмен Надежда осы қашықтықта Қазақстан рекордын жаңартты. Бұған дейінгі рекорд Людмила Прокашеваға тиесілі еді (4:05.01). Енді қазақстандық конькимен жүгірушілер Екатерина Айдова мен Надежда Морозова 7 ақпан күні 1500 метрлік қашықтықта жарысқа қатысады.

Хабарламаларға жазылу