Басты Жаңалықтар Елордада хоккейден өтіп жатқан Әлем чемпионатын «Qazsport» арнасы тікелей ұсынуда

Елордада хоккейден өтіп жатқан Әлем чемпионатын «Qazsport» арнасы тікелей ұсынуда

«Барыс Аренада» жалауын көтерген байрақты бәсеке 7 күнге созылады. Жаһандық жарыстың біздің елде өтуін спортшыларымыздың жеткен жетістігінің нәтижесі ретінде бағалануда. Чемпионаттың басы-қасында жүрген тілшіміз Оңғар Алпысбайұлы толықтырып айтады.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

- Әлем чемпионатының ерлер арасындағы 1-дивизион, А тобындағы командалар біздің елордамызда өнер көрсетеді. Белорусь, Венгрия, Корея, Литва және Словения елдерінің спортшылары қонаққа келді. Ашылу салтанаты кезінде үлкен концерт ұйымдастырылды. 10 мың адамға шақталған «Барыс Арена» лық толды. Шараның ресми бөлігінен соң 3D форматтағы шоу-концерт басталды. Эстрада жұлдыздары Гүлнұр Оразымбетова, «Бастау» және «Азия» топтары ән шырқады. Одан соң Қазақстан мен Словения арасындағы алғашқы кездесу басталып кетті.

Жалпы біздің құрама бүгіннен бөлек 1 мамыр Литва, 2 мамыр Оңтүстік Корея, 4 мамырда Беларусьпен, мамырдың 5-і Венгриямен кездесу өткізеді. Әлем чемпонаты аясындағы барлық ойындарды «Qazsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Бөлісу