Алматыда физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 жылдық мерейтойына арналған спартакиада өтті. Оған білім ошағының ұстаздары мен оқушылардың ата-аналары қатысты. Алматы, Талдықорған, Шымкент және Өскемен қалаларынан келген қатысушылар волейбол, шахмат және үстел теннисі бойынша бақ сынады. Бұған дейін тек мұғалімдер арасында өтіп келген жарысқа биыл бірінші рет ата-аналар шақырылған.
Жалпы, салауатты өмір салтына үндейтін сайыстың әуелгі мақсаты ата-аналар мен ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты арттыруға негізделген. «Өйткені бұл бастама өз кезегінде ата-аналар мен ұстаздардың бірлесіп жұмыс істеп, балалардың білімі мен тәрбиесін тиімді қадағалауға ықпал етеді»,-дейді ұйымдастырушылар.
Ербол Орынбаев, ұйымдастырушы:
- Іс-шараның мақсаты - ата-аналарды бір-бірімен байланыстыру, балаға тәрбие беру.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 жылдық мерейтойына арналған спартакиада өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/30044/)