Паралимпиадалық Азия ойындарында өнер көрсеткен спортшылар елге оралуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиадалық Азия ойындарында өнер көрсеткен спортшылар елге оралуда

16.10.2018

Индонезияның Джакарта қаласында өткен пара Азия ойындарында жалпы командалық есепте 13-орынды иеленген спортшыларымыз елге оралып жатыр.

Алматы әуежайында жеңімпаздарды жанкүйерлері, туыстары мен достары қошеметпен қарсы алды. Волейболшыларымыз тұңғыш рет пара Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді. Әрине, дүбірлі додаға 43 мемлекеттен үш жарым мыңнан астам спортшы қатысқандығын ескерсек, бұл зор жетісітік.

Жалпы, командалық спорт түрлерінен пара Азия ойындарына тек волейбол құрамасы барып жүлделі болды. Бас жүлдені Қытай құрамасын ұтқан ирандықтар еншілеген. Ал, Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін кездесуде 3:0 есебімен Ирак волейболшыларынан басым түсті.   

Берік Ізмағамбетов, параволейболдан Қазақстан құрамасының капитаны:

- Біздің алға қойған мақсатымыз жалпы үштікке кіру болған. Енді бұйырғаны осы үшінші орын. Қазақ еліне осылай құрметтеп, күтіп алып отырғаны үшін рахмет. Айта кететінім, «Qazsport» телеарнасы пара спортшыларды тікелей эфирде көрсеткені үшін сол кісілерге де алғысым шексіз.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу