Дмитрий Алексанин: Бұл  жеңіс оңай келген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дмитрий Алексанин: Бұл  жеңіс оңай келген жоқ

20.08.2018

Индонезияда алауы тұтанған 18 жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлделер түсті. Саңлақтарымыз 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Осылайша ұлттық құрама жалпы медальдық есепте 5-ші орында тұр. Ал көш басында қытайлық спортшылар, одан кейін Жапония мен Оңтүстік Корея бар.  Иран құрамасы 4-ші орында келеді.

Азия ойындарының алғашқы күні ел спортшылары үшін сәтті басталды. Алдымен семсерлесуден жерлесіміз Дмитрий Алексанин финалда Олимпиада чемпионынан басым түсіп, алтыннан алқа тақты.

Дмитрий Алексанин, Азия ойындарының жеңімпазы:

- Бұл  жеңіс оңай келген жоқ. Қаншама тер төгілді, бапкерлеріме алғысым шексіз. Алға, Қазақстан! Бұл жеңісімді Денис Тенге арнаймын.

Олимпиада медалі жолында еркін күрес балуандары да бақ сынады. Бес өреніміз боз кілемге шығып соның үшеуі жүлдеге ілінді. 57 және 97 келіде Жандос Исмайлов пен Бағдаулет Әлментайлар жүлдесіз қалды. 65 келіде ел намысын қорған Саятбек Оқасов қолда тұрған финалдық жолдамадан айырылып қалды. Жартылай финалда жапон балуанын ұтып жатып, соңғы сәтте есе жіберіп алды. Қола жүлде үшін болған белдесуде түркімендік қарсыласын жеңіп үшінші орын алды.

Бақытжан ОМАР

Телжан КҮДЕРОВ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу