Мексикалық боксшының сынамасынан аз мөлшердегі кленбутерол анықталды. Бұл бұлшық ет массасын өсіруге және майды жоюға көмектесетін препарат. Мәліметті «Golden Boy Promotions» промоутерлік компаниясы растап отыр. Тіпті, бұқаралық ақпарат құралдарына ресми мәлімдеме жасап та қойды. Бірақ, жануарларға салмақ қосуға арналған дәрі Альварестің ағзасына зақымдалған ет жегеннен түсуі мүмкін делінеді.
Ал, боксшының өзі жаттығу лагерін Мексикадан АҚШ-қа ауыстыруға дайын екенін, сосын кез келген сәтте допинг-сынама тапсырудан қашпайтынын айтты. Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасу алдында тексерілген еді. Қайткенмен де, көпшілікті енді қарымта жекпе-жектің өту-өтпеуі алаңдатары сөзсіз.
Нысаналы ЫҒЫЛ