«Еуразия Барысы-2017» турнирінің алғашқы айналымында Алматы құрамасының өкілі Арслан Әбдәмит пен Давид Лориашвили арасындағы белдесу грузиялық палуанның жеңісімен аяқталды. Арслан Әбдәмит бұл белдесуде бірде-бір әдіс жасай алмады. Ұпай санымен Грузия өкілі басым түсті. Жалпы есеп - 5:2.
Естеріңізге саламыз, жарысты «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде.
Биыл «Еуразия Барысына» Бразилия, Жапония және Камерун елдері тұңғыш рет қатысуда. Ал, бірнеше рет жүлдегерлер қатарынан көрінген Моңғолия мен Грузия командаларының қазақ күресінен тәжірибелері мол. Сонымен қатар, жарыста Өзбекстан, Түркия және Қазақстанның қос командасы бақ сынауда.