Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен «Әлем барысы» турнирі басталды. Салтанатты жиынды ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашып берді.
«ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылып отырған беделді бәсекеге 40 елдің балуаны қатысып, өзара бақ сынамақ.
Біріншіліктің жалпы жүлде қоры - 30 миллион теңге. Оның ішінде 15 миллионы жеңімпазға тиесілі. Дәстүр бойынша, алтын, күміс және қола белбеулер де қарастырылған. Жанкүйерлер де жүлдесіз қалмайды.Көрермендер арасында «Renault Logan» автокөлігі ойнатылады.
Абсолютті әлем чемпионатын тікелей эфирде «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.