«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары қазақ күресінен «Әлем барысы» турнирін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары қазақ күресінен «Әлем барысы» турнирін тікелей эфирде көрсетеді

05.09.2017

8 қыркүйек күні Астанадағы «Барыс Аренада» қазақ күресінен «Әлем Барысы» түйе балуандар арасындағы Әлем чемпионаты өтеді.  «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылып отырған беделді бәсекеге 40 елдің балуаны қатысады. Шетелдік спортшыларға Қазақстанның төрт балуаны төтеп береді.

22-тамыздан бастап қазақ күресінен Қазақстан Ұлттық құрамасы Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Жиын нәтижесі бойынша бас жаттықтырушы Ерлан Естек бастаған бапкерлік кеңес «Әлем Барысында» ел намысын қорғайтын балуандарды іріктеді. Олар: төрт дүркін Әлем чемпионы және «Қазақстан Барысы» жеңімпазы Айбек Нұғымаров, Әлем чемпионы және «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов, жас та болса болашағынан зор үміт күттіретін Айбат Сейтен және Дәурен Нұралинов. Сонымен қатар, биылғы «Қазақстан Барысы» жеңімпазы Еламан Ерғалиев, танымал түйе балуан Ержан Шынкеев те қатысуы мүмкін. 

Біріншіліктің жалпы жүлде қоры - 30 миллион теңге. Оның ішінде 15 миллионы жеңімпазға тиесілі. Дәстүр бойынша, алтын, күміс және қола белбеулер де қарастырылған. Жанкүйерлер де жүлдесіз қалмайды. Көрермендер арасында «Renault Logan» автокөлігі ойнатылады.

Абсолютті әлем чемпионатын тікелей эфирде «Qazaqstan» (тек финалдық белдесулерді) және «Qazsport» (іріктеу мен финалдық белдесулерді) телеарналары көрсетеді.   

«Qazaqstan» ҰТА:

12:45 - финалдық белдесулер 

«Qazsport» телеарнасы:

09:50 - іріктеу белдесулері  

12:45 - финалдық белдесулер 

Хабарламаларға жазылу