Тайбэйде өтіп жатқан Жазғы Универсиадада қазақстандық Арли Чонтей қола жүлдегер атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайбэйде өтіп жатқан Жазғы Универсиадада қазақстандық Арли Чонтей қола жүлдегер атанды

20.08.2017
Тайбэйде өтіп жатқан Жазғы Универсиадада қазақстандық Арли Чонтей қола жүлдегер атанды

Тайбэйде өтіп жатқан Жазғы Универсиадада қазақстандық ауыратлет Арли Чонтей 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sports.kz. Оның үздік нәтижесі - 258 келі (115+143).

Күміс жүлдені доминикандық Луис Альберто Гарсия - 263 (119+144), ал, алтын медальді Универсиаданың рекордын орнатып, солтүстіккореялық штангист Чол Юн Ом - 294 (129+165) қанжығасына байлады.

Чонтей Рио-де-Жанейрода өткен 2016-Олимпиадада өзінің салмақ дәрежесінде төртінші орынды иеленіп, жүлдесіз қалған еді.

Ал, Солтүстік Кореяның намысын қорғаған қазіргі рекордсмен Чол Юн Ом ол кезде күміс медаль иеленген.

Хабарламаларға жазылу