Павлодарда қайырымдылыққа арналған ерекше марафон өтті. Ұзақтығы 4 шақырым. Оған мыңға тарта адам, яғни, мектеп оқушыларынан бастап, зейнет жасындағы қарт адамдарға дейін қатысты. «ЯРКОкросс» деген атаумен өткен шараның негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын және таза экологияны насихаттау.