Велошабандоз Жандос Бижігітов Азия чемпионатының жүлдегері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Велошабандоз Жандос Бижігітов Азия чемпионатының жүлдегері

02.03.2017
Бахрейнде велоспорттан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні «Астана про тим» командасының велошабандозы Жандос Бижігітов қола медальді жеңіп алды.

Берілген қашықтықты қазақстандық спортшы 3 сағат, 49 минут 16 секундта жүріп өткен. Жандостың алдын тек Оңтүстік Корея мен Біріккен Араб Әмірлігінің өкілдері ораған.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу