Жапонияның Саппоро қаласында VІІІ Қысқы Азия ойындарында биатлоннан әйелдер арасында 7,5 шақырымдық спрингтік жарыс өтті. Қазақстандық биатлоншылар жарыста екі жүлде еншіледі. Галина Вишневская мәрені бірінші болып кесіп, ел қоржынына үшінші алтын медальды салды.
Отандасымыз Алина Райкова қола жүлде иеленді.
Естеріңізге саламыз, бұған дейін ерлер арасындағы 10 шақырымдық спрингтік жарыста жерлестеріміз алтын және күміс еншілеген болатын.