Қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан 11-ші «Гауһар лигасында» күміс жүлдегер атанды.
Үш қарғып секіру жарысында отандасымыздың үздік көрсеткіші – 14,53 метр болды. Өз кезегінде Рио Олимпиадасының чемпионы атанған колумбиялық Катерине Ибаргуэн 14,76 метрге қарғып, бірінші орынды иеленді.