«Infostrada» зерттеу орталығы: Қазақстан Рио Олимпиадасында 14 медаль алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Infostrada» зерттеу орталығы: Қазақстан Рио Олимпиадасында 14 медаль алады

11.12.2015
«Infostrada» зерттеу орталығы: Қазақстан Рио Олимпиадасында 14 медаль алады

Агенттіктің болжауынша, Қазақстан Рио Олимпиадасында 2 алтын, 5 күміс, 7 қола медальмен жалпы есепте 29-орын алуы мүмкін.

«Рио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар арасынан боксшы Иван Дычко мен ауыр атлет Александр Зайчиков чемпион атанады», деп жазады зерттеу орталығы.

Ал, палуан Алмат Кебіспаев, дзюдошы Елдос Сметов, боксшы Данияр Елеусінов және ауыр атлеттер Жасұлан Қыдырбаев пен Нижат Рахимов Олимпиаданың күміс медалін алады, деп болжам жасаған.

«Infostrada» зерттеу орталығы жеті қоланы Зүлфия Чиншанло, Карина Горичева, Алмас Өтешов (ауыр атлетика), Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, Жәнібек Әлімханұлы (бокс), жеңіл атлет Ольга Рыпакова сынды спортшыларға «берген».

Еске сала кетейік, алтын медаль алатын спортшылардың қатарына Илья Ильин енгізілмеген.

Қазақстан 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Қазақстан Ұлттық құрамасы жеті алтынмен жалпы есепте 12-орынды иеленген еді.

Хабарламаларға жазылу