Алматыда бильярдтан журналистер арасында турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бильярдтан журналистер арасында турнир өтті

07.07.2016
Алматыда бильярдтан журналистер арасында турнир өтті

Алматыда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында бильярдтан турнир өтті. Жарысқа  40-тан астам журналист қатысты. Олар өзара үздікті анықтап, осы жолы шығармашылық жолындағы емес, тастаяқ ойынындағы шеберліктерін сынады.

Таңертең басталған ойын кешке дейін жалғасты. Тастаяқ ойынын тас қылып меңгерген журналистер, тартысты ойын көрсетті.  Ұйымдастырушылардың сөзінше, бильярд ойыны журналистер арасында кеңінен танымал.

Алмат ӘБДІРАМАН

 

Хабарламаларға жазылу