Елордада қаламгерлер арасында бильярдтан турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада қаламгерлер арасында бильярдтан турнир өтті

01.04.2019

Елордада журналист, ақын, жазушы, алаштанушылар арасында бильярдтан турнир өтті. Бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Сайыстың өтуіне «Ақ жол» демократиялық партиясы мұрындық болды. Бүгінде саяси ұйым өкілдері «Алаш» қозғалысына қатысты дүниелерді жаңғыртып жүр. Тың деректерді жинақтауды қолға алған. Түрлі еңбектерді жарыққа шығарып, тарихымызды жаңғыртуға үлес қосуда.  Билаьярдтан өткен бұл жарыс та Алаш арыстарын еске алуға арналды. 10 команда қатысқан турнир бір күн бойы өтіп, үздік ойыншылар марапатталды. 

Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты:

 «Ақ жол» партиясы үшін Алаш аты ең маңызды ұстанымдардың бірі. Біз бұл жұмыстарды үнемі жүргізіп отырмыз.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу