Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло Талдықорғанда өтіп жатқан ел чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді.
Спортшы жарыста өз салмақ дәрежесінде (53 келі) емес, 58 келіде өнер көрсетті. Алдымен жұлқа көтеруде 100 келімен шектелді. Ал, серпе көтеруде 137 келіні бағындырып, жеке нәтижесіне түзету енгізді.
«Қазақстандық жанкүйерлер өте мейірімді. Штанганы көтерген кезімде үнемі айғайлап отырады. Осындай кезде қатты қуанамын, барлығына алғысым шексіз», - деді Чиншанло «KazSport» телеарнасына берген сұхбатында.
Сонымен қатар, ол Рио-де-Жанейро Олимпиадасына дайындығы жөнінде айтып өтті.
«Жарысқа екі ай қалды. Соңына дейін шыдау керек. Бастысы - жарақат алып қалмау. Мен өзіме сенемін!» - деді спортшы.