Ауыр атлеттер Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев Рио олимпиадасына бармайтын болды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім еткенін хабарлады Қазақпарат агенттігі.
Журналистердің сауалдарына жауап берген министр допинг дауына іліккен спортшыларға қатаң шара қолданатындықтарын айтқан. «Біз мұндай дауға іліккен спортшыларды жарыстан алып жатырмыз. Мәселен, бір ауыр атлет қызымыз өмір бойына спорттан шеттетілді. Біз бұған қатаң қарауымыз керек», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Бұған қоса ол, Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаевтың бірер жылға спорттан шеттетілгенін айтқан. Яғни, спортшылардың біреуі 1 жыл, екіншісі 2 жыл бойы спорттық жарыстарға қатыса алмайды. Демек, ауыр атлеттеріміз жазда өтетін Рио де Жанейро олимпиадасына қатыса алмайды

Kaznews.kaztrk.kz