Қызылорда облысының экс-әкімі 7 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының экс-әкімі 7 жылға сотталды

10.12.2020

Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Ысқақов пен оның сыбайластарына Арыс қаласына бөлінген қайырымдылық қорының 80 миллион теңгесін қолды қылды деген айып тағылған болатын. 

Алаяқтық қылмыс жасағаны үшін Қуанышбек Ысқақов кінәлі деп танылса, орынбасары болған Мұрат Имандосов пен бұрынғы аппарат басшысы Марат Делмұхановтар 6 жылға сотталды. Сондай-ақ бұған дейін жоғары лауазымды қызмет атқарып келген азаматтардың барлық марапаттары кері қайтарылып, өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді. 

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу