Алматы Универсиадасына 54 мемлекеттің спортшылары қатысатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы Универсиадасына 54 мемлекеттің спортшылары қатысатын болды

09.03.2016
Алматы Универсиадасына 54 мемлекеттің спортшылары қатысатын  болды
Алматы Универсиадасына 54 мемлекеттің спортшылары қатысатын  болды

Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға 54 мемлекеттің спортшылары қатысатын болды. Бұл туралы Халықаралық студенттер федерациясының Брюссельде өткен жиынында белгілі болды.

Сонымен қатар, Қысқы Универсиада тарихында алғаш рет атлеттер қалашығы салынбақ. Аталған жұмыстарға жауапты Әсет Абдуалиев қазірдің өзінде құрылыс жұмыстарының үштен екісінің аяқталғанын хабарлады. Оның сөзіне қарағанда Алматыдағы сайыстарды әлемнің ең беделді телеарналары тікелей эфирде тарататын болады. Олардың қамтитын аудиториясы орташа есеппен – 1 миллиард адам.

«Халықаралық студенттік ойындарға ең көп мемлекеттің спортшылары қатысқан бәсеке бұған дейін 2011 жылы Ерзұрымда өткен болатын. Сол жылы Универсиадаға 52 елдің спортшылары қатысқан еді. Ал, біздің жоспарымыз бойынша Алматыдағы жарыстарға 55 мемлекеттен 2 мыңға жуық спортшы келуі керек. Қазірдің өзінде 54 мемлекеттік өкілдері онлайын жүйе арқылы тіркелді»,-деді Әсет Абдуалиев.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу