Мемлекет басшысы еліміздің паралимпиада құрамасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы еліміздің паралимпиада құрамасын қабылдады

29.07.2021

Мемлекет басшысы Токиодағы Паралимпиада ойындарына қатысатын ел құрамасын қабылдап, оларға сәттілік тіледі. Биылғы жарыс 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді. Сайысқа еліміздің атынан 25 спортшы қатысады. Олар спорттың 7 түрінен ел намысын қорғамақ. Айта кетейік, бұл Қазақстан спортшылары қатысатын алтыншы Паралимпиада ойыны болмақ.

Қазір Қазақстанда паралимпиадашыларға қолдау ерекше. Ел бойынша 20 мыңнан астам спортшы бар. Олардың 500-ден астамы ұлттық құрама мүшесі. Бұл спортты дамыту үшін өңірлерде 16 арнайы клубтар мен мектептер жұмыс істеп жатыр. 2008 жылы Елордада паралимпаиадаға арналған жаттығу орталығы да ашылды.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу