Геннадий Головкин канадалық Давид Лемьемен жұдырықтасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин канадалық Давид Лемьемен жұдырықтасады

17.10.2015
Геннадий Головкин канадалық Давид Лемьемен жұдырықтасады

Отандасымыз кәсіби рингте 33 жекпе-жек өткізіп, бәрінде айқын басымдықпен жеңіске жеткен. Оның 30-ында нокаутпен ұтқан.

Қазақстандық спортшы соңғы рет шаршы алаң бәсекесін осыдан 5 ай бұрын америкалық кіші Вилли Монроға қарсы өткізген. Ол кездесуде Геннадий қарсыласын 6-раундта есінен тандырып, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы таңғы сағат 06:55-те тікелей эфирде көрсетеді.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу