Дэнни ванн Поппель «Вуэльта» көпкүндігінің 12 кезеңінде жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дэнни ванн Поппель «Вуэльта» көпкүндігінің 12 кезеңінде жеңімпаз атанды

04.09.2015
Дэнни ванн Поппель «Вуэльта»  көпкүндігінің 12 кезеңінде жеңімпаз атанды

«Вуэльта» велобәйгесінің 12  кезеңі  артта қалды. Бұл кезеңде  Трэк Фактори Рэйсинг командасының шабандозы  Дэнни ванн Поппель мәре сызығын бірінші болып кесті.

Орика грин эйдж командасының өкілі  Дэрил Импи екінші орынды иеленсе. Үздік үштікті бельгиялық Тош Ван дер Санде түйіндеді.

Астана командасының сапынан үздік нәтиже көрсеткен  Луис Леон Санчес. Луис 35-ші нәтиже көрсетті. Ал жалпы есепте Фабио Ару  мәреге  қалың топпен бірге жетіп, көшбасшылық позициясын сақтады.

 

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу