Вуэльта – 2014. Фабио Ару үшінші кезеңде 29-шы орыннан көрінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вуэльта – 2014. Фабио Ару үшінші кезеңде 29-шы орыннан көрінді

26.08.2014
Вуэльта – 2014. Фабио Ару үшінші кезеңде 29-шы орыннан көрінді

Италиялық велошабандоз Фабио Ару «Вуэльта» көпкүндігінің 3-ші кезеңінде «Astana Pro Team» клубының сапында мәре сызығын 29-шы кесіп, өз командасындағы үздік нәтижеге ие болды.

Үшінші кезеңнің жеңімпазы Orica-GreenEdge командасының өкілі австралиялық Майкл Мэттьюз атанды. Ал, мәре сызығын екінші  ирландиялық Даниэль Мартин (Garmin-Sharp) кесті. Ресейлік «Катюша» командасының шабандозы Хоаким Родригес үшінші келді. Фабио Ару кезең жеңімпазынан 7 секунд артта қалып қойды.

Жалпы есеп бойынша Майкл Мэттьюз бірінші (Orica-GreenEdge), одан 4 секунда қалып келе жатқан колумбиялық Наиро Кинтана (Movistar) екінші орында тұр.

Хабарламаларға жазылу