Алғашқы сетте Вавринка 4:6 есебімен ұтылғанымен, қалған үшеуінде 6:4, 6:3, және 6:4 есебімен Джоковичтен басым түсті.
Бұл швейцариялық теннисшінің «Үлкен шлем» турниріндегі екінші жеңісі.
Естеріңізге сала кетейік бұған дейінгі үлкен турнирлерде Новак Джокович және Станислав Вавринка 20 рет кездесу өткізіп, оның 17-сінде Джоковичтің мерейі үстем болған.
Индира БЕКТЕНОВА