Кеңес одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы самбодан ХХ халықаралық жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеңес одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы самбодан ХХ халықаралық жарыс өтті

11.05.2015
Кеңес одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы самбодан ХХ халықаралық жарыс өтті

Мемориал аясында Қармақшының өзінен 6 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 50 ден аса спорт шебері шықты.

Шетелден келген мамандарда бұл сынның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Шеттен келгендерге ұлттық өнерімізді ұлықтау мақсатында қазақ күресінен Түйе палуандар белдесуі өтті. 64 палуан үш бірдей темір тұлпар үшін барын салды.

Еліміздің барыстарының барлығы бақ сынаған. Бірақ, Бейбіт Ыстыбаев пен Айбек Нұғымаров жүлдеден шет қалғанымен бас жүлдеге Мұхит Тұрсынов ие болды. Ерғали Ерәлиев екінші моңғол Алтангерел Даваям үшінші орын алды.

Хабарламаларға жазылу