Соның ішінде 12 велошабандоз Қызылорданың намысын қорғауда. Бұл жарыс мамыр айында Еуропада өтетін халықаралық турнирге және қыркүйек айында Америкада өтетін Әлем чемпионатына спортшыларды іріктеу болып табылады. Жарыс барысында қатысушылар бірнеше қашықтықта мықтыны анықтайды. Ел біріншілігі 20-шы сәуірге дейін жалғасады.