Самбодан ел чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Самбодан ел чемпионаты аяқталды

14.03.2015
Самбодан ел чемпионаты аяқталды

Таразда самбодан үш күнге созылған ел чемпионаты аяқталды. Соңғы күні ерлер арасында 62 келі салмақта қызылордалық Дархан Сержановқа тең келер ешкім болмаса, 82 келіде ақтөбелік Бекжан Абдуғалиев бірінші орынға ие болды. Аса ауыр салмақтағы палуандар белдесуінде астаналық Арман Әбеуовтың шоқтығы биік болды. Қыздар арасында Алмагүл Орынғалиева, Ділдаш Құрышбаева және Арайлым Шегенова үздік шықты. Жеңімпаздармен жүлдегерлер  Түркменстанда өтетін Азия  және Мароккада өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. 

Хабарламаларға жазылу