Испанияда өтіп жатқан Қысқы Универсиадада слоупстайлдан жүлделер сарапқа салынды.
Ережеге сәйкес, ерлер мен әйелдер түрлі құрылғылардың үстімен жүріп, акробатикалық элементтерді орындайды.
Бұл бағдарламада қазақстандық Юлия Галышева бақ сынады.
Жерлесіміз алғашқы іріктеуден өтіп, финалға шығарда үздік алтылыққа іліге алмады. Нәтиже - 10-орын.
Индира БЕКТЕНОВА