Дүниежүзілік Универсиада ойындарын ел құрамасы жеңіспен бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік Универсиада ойындарын ел құрамасы жеңіспен бастады

13.01.2023

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Оны Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетті.

Студенттер арасындағы отызыншы ақ ойында 50 елден мың жарымға жуық спортшы бақ сынайды. Атлеттер спорттың 12 түрінен 86 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Біздің елден бұл додаға 78 спортшы қатысады.

Хоккейшілеріміз алғашқы ойынын өткізіп үлгерді. Шайбалы хоккейден Оңтүстік Кореяға қарсы өткен матчта 5:1 есебімен басым түсті. Енді хоккейшілер В тобындағы Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түседі.

Дүниежүзілік Қысқы Универсиада қаңтардың 12-сі мен 22-сі аралығында өтеді. 


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу