Орал қаласында 16-17 жастағы спортшылар арасында самбодан ел чемпионаты өтуде.
Бәсекеде бақ сынауға 560 палуан жиналды. Белдесулер 6 салмақ дәрежесі бойынша өтуде.
Мамандар дәстүрлі додаға қатысушылардың қатары жыл санап артып, шеберліктерінің шыңдалып келе жатқанын айтады.
Жанболат Рахманбердиев, ҚР жасөспірімдер бойынша аға жаттықтырушы:
Бұл чемпионат - Әлем біріншілігіне іріктеу сыны. Іріктеліп алынған палуандармен алда оқу-жаттығу жиындары өткізіледі.
Рауан ДИӘЛИ