El Paso Times бойынша Головкин сегіз номинацияда үздік деп танылды  

08.01.2017
El Paso Times бойынша Головкин сегіз номинацияда үздік деп танылды  

ElPasoTimes.com сайты 2016 жылды қорытындылап, түрлі номинациялар тізімін жариялады. Оның сегіз номинациясы бойынша қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) үздік деп танылды.

Басылым пікірінше, GGG үздік pound-for-pound (салмақ санатынан тыс) боксшы және панчер, оң және сол қолдарымен, джеб және жанамалай жұдырықтауда үздік соққыға ие және әсерлі көрінеді, деп жазды Sports.kz.

Одан бөлек, Головкиннің Сауль «Канело» Алваресьпен алдағы айқасы 2017 жылдың ең үздік бокс оқиғалары тізіміне енді. Головкиннің бапкері Абель Санчес жылдың үздік бапкері атанды. 

Sports.kz

Хабарламаларға жазылу