Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында 15 рет рекорд жаңарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында 15 рет рекорд жаңарды

17.11.2014
Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында 15 рет рекорд жаңарды

Ал, қытайлық спортшы Ляо Хэй 14 жыл бойы қаймағы бұзылмаған Георгий Марковтың нәтижесін түзетті.

Біріншіліктің ең тартысты бәсекелері 105 келі салмақта өрбіді. Бұл сында Қазақстан атынан Олимпиаданың екі дүркін, әлемнің үш дүркін чемпионы Илья Ильин бақ сынады.

Жарыстың жетінші күні 69 келі салмақтағы әйелдер бәсекесінде Жазира Жаппарқұл 264 келіні еңсеріп, екінші орынға тұрақтады.

94 келіге дейінгі салмақта Жасұлан Қыдырбаев қазақ спортшылары арасынан жаһандық жарыстың жеңімпазы болған бірінші зілтемірші атанды.

Осы салмақтағы Владимир Седов жұлқа көтеруде Әлем рекордын қайталап, серпе көтеруде 219 келіні бағындырды.

 

Әзиз ТАСТАЕВ

Хабарламаларға жазылу