«Шахтер» футбол клубының ойыншылары жалақысыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шахтер» футбол клубының ойыншылары жалақысыз отыр

20.10.2014
«Шахтер» футбол клубының ойыншылары жалақысыз отыр

Қарағандылық «Шахтер» футбол командасының ойыншыларына екі айлық жалақы мен Еурокубоктағы ойындары үшін тиісті сыйақысы төленбеген.

Қазақстан футболшылар кәсіподағының төрағасы Әйкерім Сабыралиеваның айтуынша, клуб басшылығы қысқа мерзімде барлық қарызын өтеп беретіндігі жөнінде көпшілік алдында уәде еткен. Алайда, әлі күнге орындалмаған.

«Соңғы бірнеше ойынды сәтсіз өткізген кеншілер командасының баяу ойынына бұл да себеп екені рас», деп бас бапкер Виктор Кумыков та мәлімдеме жасаған еді.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу