Көркем гимнастикадан «Жұлдыз» Кубогы халықаралық турнирі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көркем гимнастикадан «Жұлдыз» Кубогы халықаралық турнирі аяқталды

18.10.2014
Көркем гимнастикадан «Жұлдыз» Кубогы халықаралық турнирі аяқталды

Астанада көркем гимнастикадан «Жұлдыз» Кубогы атты халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Дәстүрлі жарысқа 9 елдің өкілдері қатысты

Бұл халықаралық турнирде ел намысын Измирде өткен Әлем чемпионатына қатысқан Селина Жұматаева және жасөспірімдер арасындағы ІІ Олимпиада ойындарында бағын сынаған Елизавета Майновская қорғады.

Қос гимнаст қыз өз жас ерекшелігінде алтын жүлде алды. Сондай-ақ, Ксения Сабирова, Юлия Исаченко және Айза Рұстамқызы жеңімпаздар қатарында.

Топтық жарыста Израиль, Астана және Павлодар қаласының құрамалары айрықша өнермен көзге түсті.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу