Астанада ересектер арасындағы шахматтан 2023 жылғы ҚР кубогы турнирі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ересектер арасындағы шахматтан 2023 жылғы ҚР кубогы турнирі өтіп жатыр

25.04.2023

Астанада ересектер арасындағы шахматтан 2023 жылғы Қазақстан Республикасы кубогы турнирі өтіп жатыр. Көрермендер әлемдік деңгейдегі ең мықты шахматшылардың ойынын онлайн режимінде тамашалай алады. Турнир аясында «Үздік шахматшы» атағына: Қазақстан , Ресей, Израиль, АҚШ, Украина ойыншылары таласады. Жалпы қатысушылар саны - 200 адам. Kazakhstan Chess Cup классикалық шахмат бойынша әлем чемпионаты аясында өтпіп жатыр. Жүлде қоры – 23 000 000 теңге. Сондай-ақ бүгін Бибісара Асаубаева қоры мен «Сәтті жұлдыз» лотереясы бірлесіп ұйымдастырған шахматтан жылдам және блиц түрінен турнир аяқталды. Іс шараға әр мемлекеттен келген 12 гроссмейстер, 20 жасқа дейін 180 спортшы, 10 жасқа дейін 120 спортшы бақ сынады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу