«Сарышаған» полигонында ҚР ҚК Әскери әуе күштерінің ұшу-тактикалық оқу-жаттығуының шешуші кезеңі басталды.
Жауынгерлік атыстарды қамтыған оқу-жаттығуға 400-ден астам әскери қызметші, жиырмадан аса ұшақ пен тікұшақ қатыстырылуда.
Шешуші кезең барысында күндізгі және түнгі жағдайларда әуедегі және жердегі нысаналар бойынша «әуе-әуе», «әуе-жер» класындағы басқарылатын жауынгерлік зымырандар жіберілетін болады. Зымырандарды жіберуге тәжірибелі офицерлермен қатар жас ұшқыштар да тартылған. Қазақстан Әскери әуе күштері ТМД мемлекеттері әуе шабуылына қарсы біріккен жүйесінің құрамына кіреді. Бұл ұшу құрамына жауынгерлік тапсырмаларды орындауда үлкен жауапкершілік жүктейді.