28 алтын – Қазақстанның Азия ойындарындағы рекорды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

28 алтын – Қазақстанның Азия ойындарындағы рекорды

03.10.2014
28 алтын – Қазақстанның Азия ойындарындағы рекорды

Қазіргі таңда Қазақстан Ұлттық құрамасының қоржынында 82 медаль бар. Оның 28-і «алтын», 22-і «күміс», 32-і қола жүлде.

Осылайша біздің Ұлттық құрама алтын медаль саны бойынша Азия ойындарындағы ең үздік нәтижесін көрсетті. Бұған дейінгі рекорд 1994 жылы Жапонияның Хиросима қаласында өткен XII Жазғы Азия ойындарында тіркелген еді. Онда біздің спортшылар 25 алтын жүлде (жалпы 77 медаль) иеленген еді.

Ал, медальдардың жалпы саны бойынша Қазақстан ең жоғары нәтижені Катардың Доха қаласында өткен XV Жазғы Азия ойындарында көрсетті. Қазақстандық спортшылар 85 медаль иеленген болатын.

Фото: Данияр Майлыбаев

Хабарламаларға жазылу