Әзірше Қазақстан құрамасы 20 алтын медаль олжалап, жалпы командалық есеп бойынша 4 орында. Айта кетейік, бұл нәтиже осыдан 4 жыл бұрын Гуаньжоуда өткен ойындармен салыстырғанда екі алтынға көп.
Ел қоржынына соңғы алтынды жеңіл атлет, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова салды. Ал, оған дейін грек-рим күресінің шебері Нұрмахан Тінәлиев «алтын» ұтқан болатын. Ол финалдық белдесуде бозкілем қожайынын 3-0 есебімен ұтып, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.
Рустам БАЙДАУЛЕТ