Инчхон-2014. Қазақстандық дзюдошы Айгүл Байқұлова жартылай финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Қазақстандық дзюдошы Айгүл Байқұлова жартылай финалға шықты

20.09.2014
Инчхон-2014. Қазақстандық дзюдошы Айгүл Байқұлова жартылай финалға шықты

Жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күні жеңіл салмақтағы дзюдошылар белдесуі басталды. 48 келі салмақта қазақстандық палуан Айгүл Байқұлова 1/8 финалда Лаос спортшысы Соннапха Пхимпхантнавонгтен 101:0 есебімен басым түсті.

Ширек финалда қазақ қызы қытайлық палуан Шуген Вудан айласын асырды. Айгүл Байқұлованың жартылай финалдағы қарсыласы – Эми Ямагаши (Жапония).

Хабарламаларға жазылу