Инчхондағы Жазғы Азия ойындарында Көк туды ұстап шыққан боксшы Әділбек Ниязымбетов финалға шықты.
Ол жартылай финалда «Астана арландарының» мүшесі, ирандық боксшы Эхсан Рузбаханиді жеңді.
Бұл боксшымен Әділбек Ниязымбетов Лондон Олимпиадасының ширек финалында жұдырықтасқан. Сол жолы қазақ боксшысы жеңіске жетті. Бүгінгі жекпе-жекте де Әділбек төрешілердің шешімімен финалға жолдама алды.
Енді ол финалда Оңтүстік Корея боксшысы Ким Хьенкумен жұдырықтасады. Азиаданың финалдық жекпе-жектері ертең өтеді.