Әділбек Ниязымбетов Қытайда өтіп жатқан лицензиялық турнирді жеңіспен бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділбек Ниязымбетов Қытайда өтіп жатқан лицензиялық турнирді жеңіспен бастады

28.03.2016
Әділбек Ниязымбетов Қытайда өтіп жатқан лицензиялық турнирді жеңіспен бастады

Қытайдың Цяньан қаласында Азия және Мұхит аймағы бойынша Олимпиада ойындарының лицензиялық турнирі өтіп жатыр.

Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов (81 келі) өзінің алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол 1/8 финалда Оңтүстік Корея елінің спортшысы Хегун Янды 3:0 (30:27, 29:28, 30:27) есебімен ұтты.

Айта кетейік, бұған дейін жарыстың ширек финалына Абылайхан Жүсіпов (64 келі), Олжас Сәттібаев (52 келі), Дариға Шәкімова (75 келі), Назым Ищанова (60 келі) және Жанібек Әлімханұлы (75 келі) шықты.

 

Фото: Данияр Майлыбаев, ҚБФ 

Хабарламаларға жазылу