Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында таэквондошылар сынға түсті.
68 келіге дейін салмақта қазақстандық Қайрат Сарымсақов 1/8 финалда ауғанстандық Мохаммад Джавад Абдул Гафарды 8:5 есебімен ұтты.
63 келі салмақта Ерасыл Қайырбек Оңтүстік Кореяның спортшысы Даэ Хун Кимнан 1:13 есебімен жеңіліп қалды.
Қыздар бәсекесінде Әсел Қойлыбай (62 келі) да Оңтүстік Корея спортшысы Дабин Ли есе жіберді. Есеп – 2:11.
Ал, Қайрат Сарымсақов үшін ширек финал сәтті аяқталды. Ол Сауд Арабия өкілі Мушаббаб Аль Асмариді 17:4 есебімен жеңді.
Енді ол жартылай финалда ирандық Беньям Асбагиханьянмен кездеседі.