Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында әйелдер арасында бокс жарысының финалдық жекпе-жектері басталды.
48-51 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан қазақстандық Жайна Шекербекова үндістандық Чунгнейджанг Мери Ком Хмангтеге 0:2 (37:39; 38:38; 37:39) есе жіберіп, Азия ойындарының «күмісін» иеленді.
Енді Инчхондағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынында 17 күміс медаль бар. Барлығы – 57 жүлде.
Фото: Данияр Майлыбаев