Инчхон-2014. Қазақстандық баскетболшы қыздар жартылай финалға өте алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Қазақстандық баскетболшы қыздар жартылай финалға өте алмады

28.09.2014
Инчхон-2014. Қазақстандық баскетболшы қыздар жартылай финалға өте алмады

Бүгін Азия ойындарында әйелдер арасында баскетболдан плей-офф кезеңі басталды.

Қазақстан құрамасы ширек финалда Қытай спортшыларына 57:71 (11:22, 15:19, 17:16, 14:14) есебімен ұтылып, жартылай финалға өте алмады.

Біздің құрамада ең көп ұпайды Надежда Кондракова (14 ұпай) жинады.

Енді біздің команда ертең 5-8 орын үшін ойнайды.

Хабарламаларға жазылу