Қызылордада зағип жандар дойбы ойнаудан сынға түсті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында спортты насихаттауға арналған турнир биыл екінші рет ұйымдастырылды.
Сайысқа қатысқан 4 команда мүшелері бір-біріне дес бермей, ойынның көрігін қыздырды.
«Тағдыр теперішін көрген қамкөңіл жандар үшін мұндай шаралардың берері мол», дейді ұйымдастырушылар.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ