
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов (60 келі) Инхчонда өтіп жатқан Азия ойындарының финалында моңғолиялық Болдбаатар Ганбатты ұтты.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының палуаны Елдос Сметов (60 келі) 1/16 финалда тәжікстандық Кабатулло Аминовты ұтты.
Ширек финалда гонконгтық Ю Кин Тингпен кездескен Елдос қарсыласын 110:0 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты. Ал, жартылай финалда жапон палуаны Тору Шишимені ұтқан еді.
&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/25044/)